Сипаттама

SADRADDIN • CENTRAL STADIUM

26 қыркүйек 2026 жылы Алматыдағы Орталық стадионда SADRADDIN үлкен концерттік шоуын ұсынады. Бұл кеш - заманауи музыка, live-дыбыс, визуал және үлкен сахна энергиясы тоғысатын ауқымды музыкалық жоба.

SADRADDIN - өз буынының музыкалық тілін қалыптастырып келе жатқан әнші әрі композитор. Оның шығармашылығы заманауи дыбыспен, шынайы эмоциямен және тыңдарманға жақын оқиғалармен ерекшеленеді. Әр жаңа шығарылымымен артист өзінің музыкалық әлемін кеңейтіп, үлкен сахнаға сенімді қадам жасап келеді.

Концерт барысында тыңдармандардың сүйікті әндері жаңа концерттік форматта орындалып, арнайы қойылымдар мен музыкалық коллаборациялар ұсынылады. Кештің арнайы қонақтары - BAKR, ANDRO, Irina Kairatovna, Ayau және Maher Zain.

Бір сахнада түрлі музыкалық бағыттардың тоғысуы, заманауи визуалды шешімдер, live-орындау және стадионның ерекше атмосферасы көрерменге жаңа концерттік тәжірибе сыйлайды.

Басталуы: 19:00.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Орталық стадион.